Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ұмыт болған тағам - үлпершек

Ұмыт болған тағам - үлпершек

Салт-дәстүрге бай, қайбір істі болмасын жөн-жосығымен жасайтын қазақ халқы ішер асқа да мән беріп, оның жасалу жолын, ол тағамның кімге тартылатынына, қандай мақсатта беру керектігіне де ерекше көңіл бөлген. Құдаға бас, күйеу балаға төс тартатынын кез келген қазақтың білері анық. Өйткені, мұның барлығы қазіргі уақытқа дейін жалғасын тауып келе жатқан дүние. Ал қазақтың ұмыт болған ұлттық тағамдары қаншама?! Солардың арасында жылқының жүрегінен дайындалатын үлпершек тағамын көпшіліктің білмесі анық.

Аты таңсық бұл тағам жылқының тұтас жүрегінен дайындалады. Оны дайындардан бұрын бір ай шамасында ұн арасында сақтап сүрілейді. Әбден сүрленген жүректі асады. Негізі жылқының жүрегінен тағамдар өте сирек дайындалады.
Қазақ арасында үлпершек тағамына байланысты аңыз да бар. Үлпершекті ұзатылып кеткен қызына ата-анасы сыйлық ретінде дайындап берген. «Қыз жат жұрттық», «Қыз қонақ» дегенмен, төркінен келген үлпершекті жеген қыз ата-анасының жүрегінде мәңгілік екендігін сезінеді екен.
09 қараша 2018 ж. 1 745 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области