Отандық жұлдыздар төсек арқылы "көтерілетін" қыздар туралы ашық айтты
Елімізге танымал әншілер мен актрисалар шоу-бизнес әлеміне "төсек арқылы" келетіндер туралы өз ойларын білдірді. Бұл туралы отандық жұлдыздар "Ел аузында" бағдарламасына берген cұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz
NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.
Әнші Дастан Оразбеков бұл бұрыннан келе жатқан дүние екенін алға тартып, өзінің ойымен бөлісті.
"Ол болған дүние. Ал жалпы ол ұғымды жан-жаққа таратудың қажеті жоқ. Өйткені, бірі солай жұмыс істесе, бірі шынайы жұмыс істейді. Біз 20 жыл бойы өнерде келе жатырмыз. Маңайымыздағы өнерпаздардың барлығы төсек арқылы өнерге жетті деген ой түйген емеспін. Бірақ, қате деп айта алмаймын", -деді ол.
Ал актриса Гүлназ Жоланова барлығы да жалпақ жұртқа мәлім екенін айтты.
"Мен танитын үздік актрисалар туралы ештеңе естімегенмін. Халық бәрін сезеді. Біз де халықтың бөлшегіміз. Өнер адамдары да біледі. Сондықтан, ол жоқ емес. Аз болса да, естуіміз бар. 100 пайыздың бес пайызы ғана шығар. Уақыт өте ол адамдар да ұмытылады", -деді Жоланова.
Бұл мәселеге қатысты пікір білдірген Ақерке Бүркітбай өз басына бұл жағдайдың түспегенін жеткізді.
"Иә, жақын адамдарымнан да естідім. Бірақ, өзіме нақты бір сондай ұсыныс түскен емес, Құдайға шүкір дейін. Мүмкін, бар да шығар. Мен оны бар немесе жоқ деп айта алмаймын. Өзім жүрген жерде кастингтердің барлығы адал өтіп жатыр", - деді ол.
Қыз баланы гүлге теңеп жүрген әнші Серік Ибрагимов киелі сахнаға кім қалай келсе де, барлығы да Алланың қалауымен болады дейді.
"Мен білетін, араласатын адамдарда ондай жоқ. Болған да емес. Алла кімге бақ берем десе, сол болады. Ол мың жерден төсек арқылы келсе де, бірақ халықтың жүрегінен әні орын алмаса, ол несіне шығып жүр? Мәселе онда емес. Таңдау тек Құдайдың және халықтың қолында", -деді ол.