Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » "КӨҢІЛІМ ТОЛМАДЫ": БАЯН АЛАГӨЗОВА "КЕШЬЮ" ТОБЫН ТАРАТЫП ЖІБЕРДІ

"КӨҢІЛІМ ТОЛМАДЫ": БАЯН АЛАГӨЗОВА "КЕШЬЮ" ТОБЫН ТАРАТЫП ЖІБЕРДІ

Отандық танымал продюсер "Кешью" тобының құрамын қайтадан жасақтамақ. Баян Алагөзова бұл шешімді қарамағындағы аруларға көңілі толмағандықтан қабылдағанын айтты. Алайда, топ құрамындағы әнші қыздардың біреуі продюсерлік орталықта қалып, жеке әнші ретінде шықпақ деп жазады "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Ешкім күтпеген жаңалықты Баян Мақсатқызының өзі хабарлады. Ол отандық бағдарламаға сұхбат беру барысында алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісіп, атышулы топ құрамын қайтадан жасақтайтынын мәлімдеді.
"Қазіргі уақытта бес ән жаздырып жатырмыз. Оның екеуін таңдап аламыз. Біреуіне бейнебаян түсірмекпіз. Және де басты жаңалық - алдағы уақытта топтың жаңа құрамын жасақтап таныстыратын боламын. Қазіргі құрамдағыларға мүлде көңілім толмады" , - деп айтты продюсер.
Оған қоса, ол тағы да аса маңызды ақпаратпен бөлісті. Айтуынша, топ құрамындағы Балжан Бидаш қалатын болады. Алайда, ару енді топ атынан емес, жеке әнші ретінде танылмақ.
"Жаңа құрамға кірерлік бойжеткендер әзірге дайындалып жатыр. Алайда, мен әлі де түпкілікті нақты құрамды бекіткен жоқпын. Сол себепті бәрі уақыттың еншісінде", - деп айтты Алагөзова.

13 қыркүйек 2018 ж. 590 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области