ЕРКЕ «KZ ЖІГІТ» АТТЫ БЕЙНЕБАЯН ТҮСІРДІ

Жаңа бейнебаянның жарық көргенін Ерке Есмахан инстаграмдағы парақшасында хабарлады.
"Ал, құтты болсын! Қайданың жалғасы! Примерно табылды! Парақшамның жоғарғы жағында бейнебаянға сілтеме жазылып тұр!", — деп жазған әнші.
"Қайданың" жалғасы "KZ жігіт" деп аталады. Бейнебаянды бір күнде 330 мыңнан астам адам көрген.
Еркенің "Қайда?" әні тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де танымал болған еді. Бұл әнге көптеген видео түсірілді. Маусымда жарық көрген бейнебаянды қазіргі уақытта 37 миллионнан астам адам тамашалаған.
Пікір 1