Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Елбасының мақсаты - халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту

Елбасының мақсаты - халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту


Президентіміз, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен өткен XVII съездте «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты жаңа бағдарлама қабылданғандығы елді аузына қаратқан үлкен маңызды шара болды. Бұл бағдарламада ел халқының әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған іс-шаралар қарастырылған.
Елбасы өз сөзінде осы кезге дейінгі атқарылған істер мен соның нәтижесінде жеткен жетістіктерге тоқтала келіп, алдағы уақытта шешілуі керек көптеген мәселелерді қарастырып, атқарушы билікке сол мақсаттарға жетудің негізгі міндеттерін нақтылап арнайы тапсырмалар берді. Елбасы елімізді дамытуда тұрған ең басты басымдық – азаматтардың тұрмыс деңгейін жоғарылату арқылы елімізді әлеуметке бағдарланған мемлекет ретінде қамтасыз ету екеніне ерекше тоқталып өтті. Үстіміздегі жылы әлеуметтік салаға республикалық бюджеттің барлық шығыстарының 45 пайыздан астамы бағытталғанын тілге тиек етті. «Сананы тұрмыс билейді» демекші, бұл нәрсе мемлекет басшысының назарынан әсте де түскен емес, бұл жолы да ол өзінің елінің қамын ойлаған тұлға екенін көрсете білді.
Бағдарламада көтерілген ең маңызды мәселелер балалар жәрдемақысын көтеру, көп балалы отбасылардың жағдайын жақсарту, табысы төмен азаматтарды қолдау, баспанамен қамту, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, бұл ел халқына жасалып отырған үлкен қамқорлық деп білемін. Бюджеттік сала қызметкерлерінің төмен жалақылы жұмыскерлерінің еңбекақысын 30%-ға дейін арттыру жүргізіліп жатқан реформаның нәтижесін болашақта емес, дәл бүгіннен бастап сезінулеріне жол ашады. Ерекше атап өтерлік нәрсе көп балалы отбасыларға атаулы көмек көрсету өлшемдерін ең төменгі күнкөріс шегінен 70 пайызға дейін арттыруы еліміздің демографиялық мәселесін шешуге де орасан септігін тигізері сөзсіз.
Көп балалылар қатарындағы аз қамтылған отбасылар үшін «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер салу, азаматтардың осы санаттары үшін тұрғын үй жинақ жүйесі арқылы жылдық 2-3 пайызбен тұрғын үй қарыздарын ұсыну, денсаулық сақтау қызметі мен бастапқы медициналық-санитарлық көмек шығыстарын 60 пайызға дейін ұлғайту баспанамен қамтамасыз ету тәрізді әлеуметтік саламен қатар денсаулық сақтау саласына да тың серпіліс беріп, азаматтардың жалпы әлеуетін арттыруға жол ашады.
Президент өз сөзінде әлеуметтік саламен қатар инфрақұрылымды дамытуға да ерекше назар аударып автожолдардың 95% жақсарту, шағын және моноқалаларды дамыту, су және кәріз жүйелерімен қамтамасыз ету, газдандыру және электрлендіру салаларына қыруар қаржы бөлініп ел азаматтарының тұрмыс жағдайларын жақсартуға бағытталған жұмыстар жүргізілетіндігін баяндады.
Жалпы бұл жолғы бағдарламада ұсынылған бағыттар осыған дейінгі жасалып жатқан жұмыстардың оң нәтижесін тауып, бірақ, әлі де кемшін тұстарын нақтылап, сол салаларды дамытуға ерекше серпін берері сөзсіз деп есептеймін. Нәтижелі жұмыстар жалғасын тауып, Қазақстан азаматтарының әл-ауқаты жақсарып, өркениетті елдер қатарында болуына жасалған үлкен қадамдар басында тұрған Елбасымыздың салиқалы саясатының жалғасы болып табылады.

Нұрбол АППАЗОВ
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дің
инженерлік бейіндегі зертхана жетекшісі,
химия ғылымдарының кандидаты, профессор
28 ақпан 2019 ж. 611 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области