Әлеуметтің әлеуеті артуына мән берілді
«Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII Съезі әлеуметтің әлеуеті атуына мән берілген маңызды жиын болды. Партияның 20 жылдығына орай ұйымдастырылған алқалы мәжілісте Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің 40% астамы әлеуметтік салаға жұмсалатынын айтты.
– Мен Ұлттық қордан халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында қаржы бөлу туралы шешім қабылдадым. Үкімет осы шығындарды дұрыс әкімшілендіру керек, – деп атқарушы билікке нақты тапсырма берді Президент.
Ең бастысы, көпбалалы отбасыларды қолдау шараларын күшейтуге мән беруді тапсырды.
– Бүгінде елімізде 340 мыңға жуық отбасында 4 баладан артық бала бар. Жыл сайын көпбалалы отбасыларға 500 млрд теңгеден артық бөлінеді. Бұл отбасылардың кірісі әртүрлі деңгейде. Оларға көмек көрсетуде табыс деңгейіне қарау керек. Көп кіріс кіретін отбасылар мен айлығы төмен отбасыларға мемлекет бірдей көмек көрсетпей, ең алдымен, мемлекет табысы төмен көпбалалы отбасыларға мән беру керек, – деді Елбасы.
Азия ҚЫСТАУБАЕВА,
Жаңақорған аудан әкімдігі жанындағы әйелдер істері
және отбасылық-демографиялық
саясат комиссияның төрағасы.