Көпбалалы отбасылардағы әр балаға 21 мың теңгеден төленеді
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде көпбалалы отбасыларды қолдау шараларын күшейту керектігін айтты, - деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz .

Сонымен қатар, көпбалалы отбасылардың ай сайынғы төлемақысы әр балаға 21 мың теңгеден төленбек.
«Толық емес, көпбалалы отбасыларға үйде жұмыс істеу жағдайларын жасау керек. Қазіргі уақытта мекенжайлық-әлеуметтік көмекті 111 мың отбасы алып отыр. Көпбалалы отбасылардағы әр балаға 21 мың теңге төлемақы бекітілсін», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.