Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Елбасы тапсырмасы халықтың өмір сүру сапасын арттырады

Елбасы тапсырмасы халықтың өмір сүру сапасын арттырады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен “Нұр Отан” партиясының ХVIII съезінде көтерілген мәселелердің барлығы халықтың әл-аухатын жақсартуға бағытталған.

Съезде көтерілген мәселелерді халық жақсы қабылдады. Оған дәлел бұқаралық ақпарат беттеріндегі халықтың берген пікірлері.
Аталған съезде Елбасы Н.Ә.Назарбаев жалақы мен жәрдемақы өсіру қажет екені туралы үкметке тапсырма берді. Тарқатып айтар болсақ, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап мұғалімдердің жалақысы 30 пайызға өседі. Сондай-ақ кәсібилігін дәлелдеген ұстаздардың айлық жалақысы 50 пайызға артатын болады. Сонымен қатар Мемлекет басышысы бюджет саласындағы қызметкерлердің де айлық табысын 30 пайызға көбейтуді тапсырды.
Соңғы кездері халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселе көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың мұң-мұқтаждықтары назарға алынып, бұл мәселедеде Елбасы оңтайлы шешім шығарды. Елбасы әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларға «Нұрлы Жер» арқылы 40 мыңға жуық пәтер салуды тапсырса, көпбалалы мен толық емес отбасыларға, мүгедек баласы бар адамдар үшін тұрғын үй несиесін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы 2-3 пайызбен беруді тапсырды. Қазіргі таңда баспанасыз жалдамалы пәтер жағалап жүрген мұндай топтағы отбасылар үшін бұл қуанышты жаңалық екені сөзсіз.
Сонымен бірге, бүгінгі таңда 4 баладан асатын көпбалалы отбасылар 340 мыңға жуық отбасы бар екенін тілге тиек еткен Елбасы, осы отбасыларға жылда 500 миллиард теңге бөліп, әр балаға жәрдемақы 21 мың теңге болу керек деп баса айтты. Осының бәрі қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттырудың бір белесін білдіреді деп нық сеніммен айтуға болады.
Мемлекет басшысы съезд соңында «Нұр Отан» партиясы қай кездеде халықтың жанынан табылу керектігін, халықтың әл-аухатын жақсартуда партияның алар орны ерекше екендігін айтты. Елбасы халықтың тұрмысын жақсартуда және елдің дамуына бірігіп жұмыс істеуге шақырды. Президенттің съезде көрсеткен барлық мақсаты орындалып, Қазақстан халқының табыспен өркендей беруіне тілектеспін.
Ғани Байұлов
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ оқытушы,
«Жас ғалымдар альянсы» ҚБ Президенті
28 ақпан 2019 ж. 629 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области