Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мемлекет қашанда көмек қолын созуға дайын

Мемлекет қашанда көмек қолын созуға дайын

Атаулы әлеуметтік көмекті есептеу кезінде отбасының табысына университетте оқитын екі студент қызымның стипендиялары кіргізіліп, осы себептен бұл көмекті ала алмай жүр едім.

Елбасы «Нұр Отан» партиясының съезінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауда отбасына кіретін жиынтық табысынан көп балалы аналарға арналған отбасылық жәрдемақыны, балаларға арналған мүгедектік жәрдемақысын, стипендияны есепке алмауды тапсырды. Мемлекет қашанда көмек қолын созуға дайын екенін білдірді. Өйткені өркениетті елдердің қайсысын алсаңыз да, мұндай көмектің небір түрі көрсетіледі. Бізде де дамыған елдердегідей халқымыздың тұрмыс деңгейі жоғары болғаны жөн.
Бұдан басқа, күні кеше Астанада Елбасының төрағалығымен әлеуметтік саясатты іске асыру мәселелері жөнінде кеңес өтті. Онда Нұрсұлтан Назарбаев халықтың көмекке мұқтаж санатына жататындардың бәріне әлеуметтік жәрдем беру қажет екенін атап өтіп, аса мұқтаж және көп балалы отбасылар биылғы 1 сәуірден кешікпей әлеуметтік көмек алуы қажет деп атап өтті. Мұны мен өз басым қолдаймын. Өйткені бұл халқымыз үшін маңызды істердің бірі екені сөзсіз. Бұл тұрмысы төмен көп балалары бар отбасыларға үлкен көмек болмақ.
Айша НҰРТАЗАЕВА,
көп балалы ана, Қызылорда қаласы
07 наурыз 2019 ж. 729 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области