Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 830 мың қазақстандық атаулы әлеуметтік көмек ала алады - Бердібек Сапарбаев

830 мың қазақстандық атаулы әлеуметтік көмек ала алады - Бердібек Сапарбаев

830 мың қазақстандықтың атаулы әлеуметтік көмек алуға мүмкіндігі болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«1 шілдеге дейін ең төменгі күнкөріс деңгейі 14 849 теңге болады. Ал 1 шілдеден бастап ол 20 789 теңгеге көтеріледі. Яғни, егер аталған көмекті осы уақытқа дейін 571 мың адам алып келсе, енді ол 260 мыңға көбейіп, 830 мың қазақстандықтың атаулы әлеуметтік көмек алуға мүмкіндігі болады», - деді министр.
Осы ретте ол бір отбасын мысалға келтіріп, нақты деректермен бөлісті.
«4 балалы жалғыз басты отбасы 1 шілдеге дейін табысы жоқ болғаннан соң 63 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек алатын болса, енді 1 шілдеден бастап ол 40 мың теңгеге көбейеді. Яғни 103 945 теңгеге жетеді. Ал қосымша төлемдерді есептегенде ол жанұяның жалпы табысы айына 114 448 теңге болады», - деді ол.
Министр атаулы әлеуметтік көмекті дайындау үшін отбасылардың жиынтық табысында да өзгеріс орын алатындығын айтты.
«Бірінші шілдеден бастап бұрынғы есептелініп келген көпбалалы отбасыларға, алтын алқа, күміс алқа иегерлері аналарға, мүгедек балалар бар отбасыларға берілетін жәрдемақылар және стипендиялар 1 шілдеден есептелінбейді», - деді Б.Сапарбаев.

28 ақпан 2019 ж. 679 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области