Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Әр балаға – 21 мың теңге: көпбалалы отбасылардың жәрдемақысы қалай есептеледі?

Әр балаға – 21 мың теңге: көпбалалы отбасылардың жәрдемақысы қалай есептеледі?

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов көпбалалы отбасындағы әрбір балаға 21 мың теңгеден төлеу жүйесін түсіндіріп берді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Оның сөзіне қарағанда, алдымен көпбалалы отбасының табысы есептеледі. Ал жаңа жәрдемақы табысы төмен отбасыларға ғана төленеді.
«Бұл - әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға арналған көмек. Жағдайы жақсы отбасылар ондай көмекке зәру емес деп ойлаймын. Ал кедейшілік деңгейінен төмен отбасыларға көмектесу керек. Президент айтқандай, кедейшіліктің деңгейі күнкөріс минимумының 50 процентінен 70 процентке дейін көтеріледі. Отбасының әрбір мүшесіне шаққанда осы межеден төмен тұрғандарға атаулы көмектің жаңа түрі беріледі. Сосын ондай отбасылардың жалпы табысын есептегенде басқа әлеуметтік төлемдер ескерілмейді. Бұдан бөлек, әлеуметтік көмекті алу шаралары жеңілдейді. Демек, әлеуметтік жағынан аз қамтылған көпбалалы отбасыларда әрбір балаға 21 мың теңгеге жуық жәрдемақы төленеді. Нақты айтсақ, 20 789 мың теңге. Ондай көмекті төрт және одан көп баласы бар отбасылар алады», - деді Ә.Смайылов журналистерге берген сұхбатында.
Оның айтуынша, соңғы екі жылдың ішінде әлеуметтік салаға республикалық бюджеттен бөлінген қаржының көлемі 34 проценттен 45 процентке дейін артты. Алдағы үш жылда аталған көрсеткішті 49 процентке дейін ұлғайту жоспарланып отыр.
«Бүгін Мемлекет басшысы қосымша тапсырмалар берді. Соның аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылғандар, соның ішінде көпабалалы отбасыларды қолдау шаралары күшейеді. Президент атаулы көмекті арттыруды жүктеді. Баспанамен қамту бар. Жергілікті жерде инфрақұрылымдық нысандарды салу қажет. Соның барлығына алдағы екі-үш жылда қосымша 2 триллион теңге бөлінеді. Шамамен 1 триллион теңге Ұлттық қордан құйылады», - деп атап көрсетті Ә.Смайылов.
Сондай-ақ, Смайылов табысы төмен көпбалалы және толық емес отбасылар мен мүгедек балаларды асырап отырған азаматтарға баспана алуға берілетін 2-3 пайыздық несиелер жүйесі туралы пікір білдірді.
Оның айтуынша, алдымен республикалық бюджеттен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 50 миллиард теңге бөлінеді. Банк ол қаражатты басқа ресурстармен бірге жеңілдетілген несиелерді беруге жұмсайды.
«Сәуір айында біз қаржыландыруды бастаймыз. Одан кейін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі несиенің жаңа түрін тездетіп әзірлеп, халыққа ұсынуы қажет. Бірақ биылдан бастап 2-3 проценттік несиелер беріледі. Ол - анық нәрсе», - деді Ә.Смайылов журналистерге берген сұхбатында.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев көпбалалы отбасыларда әрбір баланың төлемақысын 21 мың теңгеге дейін арттыруды, сонымен қатар табысы төмен отбасыларға 2-3 процентпен баспана сатыл алу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.
«Үкіметке әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарды, әсіресе, көпбалалы отбасыларды қолдау шараларын кеңейтуді тапсырамын. Аталған көрсеткішті күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін жеткізуіміз керек. Ал атаулы көмек алып отырған көпбалалы отбасылардың әрбір баласына берілетін жәрдемақыны 21 мың теңгеге дейін өсіруді тапсырамын. Аталған көмекті барынша жеңілдету керек. Халық ары-бері шапқылап жүрмесін. Сосын ондай отбасылардың табысын есептегенде басқа әлеуметтік жәрдемақыларды санауды алып тастау қажет. Әйтпесе, соның бәрін санағанда көпбалалы отбасылар бай азаматтар болып шыға келеді.
Одан бөлек, табысы төмен көпбалалы және толық емес отбасыларға, мүгедек балалары бар, аз қамтылған отбасыларға пәтер сатып алудың қолжетімділігін арттыру қажет. Бұл санаттағы азаматтарға Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы жылдық 2-3 пайызбен тұрғын үй заемын беру тетіктерін әзірлеуді тапсырамын. Ол үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне қаражат қажет болады және оған жыл сайын 50 млрд теңге бөлуді тапсырамын», – деп атап өтті Н.Назарбаев.

27 ақпан 2019 ж. 586 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области