Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада көпбалалы отбасы баспаналы болды (ФОТО)

Қызылордада көпбалалы отбасы баспаналы болды (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласы күніне арналған мерекелік іс-шаралар «YOUTH FORMULA» - жастық шақтың формуласын сезін!» атты мерекелік шарамен жалғасын тапты.

Мерекелік шара балабақшалардың, ерікті жастардың, қоғам белсенділерінің, этномәдени ұйымдардың, өңір спортшыларының, мүмкіндігі шектеулі жандардың қатысуымен "Достық үйінен" жастар карнавалымен бастау алды.
Жиналған қауымға балаларға арналған өрнектелген қоларбалар көрмесін таныстырып өтті. Сонымен қатар ертегі кейіпкерлерінің және дәстүрлі мерекелік киімдерін киіп, түрлі аспапта ойнау арқылы «Жанды арбат» бойын мерекеге бөледі. Жалпы 100-ден аса қатысушыны қамтыған жастар карнавалы қала тұрғындарын қызықты мәдени көпшілік шаралар орталығына апарды.
Орталық алаңда асық ату, "Workout" спорттық сайыстары, жас отбасылар арасында "Толағай" спорттық сайысы, қарапайым достыққа баулитын «Біз де бала болғанбыз» атты ескіден қалған аула ойындарына қатысуға ниет білдіруші қала тұрғындары арасында сайыс өтті. Сайыста жеңіске жеткен қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Шара одан әрі, «LIVE ARBAT» жастар концертімен жалғасып, студенттердің бірі ән шырқаса, бірі түрлі аспаптарда ойнап Орталық алаңды ерекше реңге бөледі.
Сонымен қатар, шараға арнайы қала әкімінің орынбасары Бектас Нуриддинов пен «Абзал и К» ТС директоры Мағжан Ералиев қатысып, көпбалалы отбасыға тосын сый жасады.
«Абзал и К» ТС көпбалалы отбасыға қалалық әкімдік пен "Атамекен" ҰКП қолдауымен жүзеге асып жатқан «Менің атамекенім» әлеуметтік жобасы аясында 3 бөлмелі пәтер кілтін табыстады.
Бақытқа бөленген отбасының үлкені, 5 немеренің әжесі демеушілік көрсеткен кәсіпкер «Абзал и К» ТС директоры Мағжан Абзалұлына жомарттықтың шынайы үлгісін көрсетіп, күтпеген сый жасағаны үшін шын жүректен алғысын білдірді.
Кәсіпкердің бұл отбасыны таңдауына жас маман Нұрболат пен жұбайы Ботагөздің мектеп жасындағы екі ұл және үш жасар үшем – Хадиша, Райяна және Айшаны тәрбиелеп, жалдамалы пәтерде тұрып жатқандығы түрткі болған.







08 қазан 2019 ж. 661 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области