Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН САЙТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН САЙТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ


Жаңа сайтта 2018 жылдың маусым айынан қыркүйегіне дейінгі мерекелік шаралардың кестесі берілген. Олардың арасында концерттер, театрлық қойылымдар, жәрмеңкелер мен ресми, мәдени-бұқаралық, спорттық шаралар бар, деп хабарлайды BNews.kz.
   "Бүгіннен бастап елордамыздың 20 жылдығына арнайы өткізілетін іс-шаралардың ресми сайты іске қосылды. Баршаңызды www.astanaday.kz ресми парақшасына шақырамыз! Жоспар жасап, елордамыздың мерейтойын бірге атап өтейік", - деп жазды қала әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева өзінің Фейсбук парақшасында.
   Порталда Астананың 20 жылдығына арналған шаралардың уақыты, өтетін орыны, билет бағасы, БАҚ-қа арналған баспасөз парақтары, жолдың жабылуы мен көлік тұрақтары туралы барлық мәліметтер жарияланады. 25 маусым мен 6 шілде аралығындағы мерекелік уақытта алты жүзден астам іс-шара өткізу жоспарланған.
   Сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін "iKomek" қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы базасында барлық қажетті ақпаратты мемлекеттік және ресми тілде алуға болады, онда "109" жедел нөмірі бойынша тәулік бойы колл-орталығының қызметі жоспарлануда.
21 мамыр 2018 ж. 692 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области