Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КӨРМЕ ТАҚЫРЫБЫ – АСТАНА

КӨРМЕ ТАҚЫРЫБЫ – АСТАНА


    Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің Студенттер сарайында «Нұр Отан» партиясы «Тұран» филиалы мен «Әділет» БПҰ ұйымдастырған бұл көрме  Астана қаласының 20 жылдығына арналды.
    Көрмеге «Нұр Отан» партиясы «Тұран» филиалының БПҰ-дары, студенттер, қала тұрғындары, университет оқытушылары және «Жас Отан» ЖҚ белсенділері қатысты, деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметінен.
    Бұл – елорданың 20 жылдығына арналған шара. Кітапхана қорында Астана жайлы 200 ден аса еңбек бар. Соның жүзі осы кітап көрмесіне қойылған. Кітап көрмесі Елордамыздың 20 жыл ішінде даму жолдары мен тарихи кезеңдерін насихаттау арқылы Астананың абыройын асқақтатып, Астана қаласының тарихын білуге жетелеу.
    –Тақырыпқа сай безендірілген көрмеде Астананың бүгінгі күні барлық оң бастамалар мен өзгерістердің флагманы болып табылатын көрікті жерлері мен жетістіктері туралы мәліметтер бар кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылды дейді,- «Тұран» филиалы «Әділет» БПҰ төрағасы Гүлмира Әлібайқызы.
    Көрмеге келген конақтар қатарында Астана қаласымен құрдас жастарда болды. Оның бірі – «Тұран» филиалы «Жас Отан» ЖҚ-ның басшысы Ләзи Алтынбек.
    -Бұл шара шынымен де жас ұрпақтың бойында кітапсүйгіштікке, әдебиетке деген қызығушылықты оятатын болады. Көрмеге келген жастардың барлығы ана тіліміздегі әдеби-көркем кітаптарды оқыса, нұр үстіне нұр болары сөзсіз дейді жастар көшбасшысы Алтынбек.
    Кітап рухани қазынамыз. Осы ретте бұндай көрмелердің берері мол болмақ, алдағы уақыттада осындай көрмелерді ұйымдастырып, көрме аясында таныстырылымдар, тұсаукесерлер, түрлі тақырыптарда іс-шаралар жоспарға сәйкес жалғасын табады,- деді «Нұр Отан» партиясы «Тұран» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Есенжол Назаров.





09 ақпан 2018 ж. 1 711 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области