МЕРЕЙТОЙҒА АРНАЛҒАН КІТАПТАР КӨРМЕСІ ӨТТІ
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 80 жылдық мерейтойы аясында ғылыми-техникалық кітапханада «Рухани жаңғыру – болашаққа сенім» тақырыбында кітаптар көрмесі өтті. Оған университет оқытушылары, кітапхана қызметкерлері, магистранттар мен студенттер қатысты. Көрме барысында ғылыми-техникалық кітапхана директоры Ж.Әбенова кітапхана қызметі мен білім беру жүйесіндегі базалық жетістіктер жөнінде баяндады.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасы гуманитарлық университет, полтиехникалық институт, облыстық ғылыми-техникалық кітапханалары негізінде құрылған. Бүгінде мұндағы кітап қоры 2 миллионнан асады. Облыстағы білім беру жүйесіндегі кітапханалардың әдістемелік орталығы болып табылатын кітапхана базасы үнемі толықтырып, қоры жаңартылып тұрады.
Бүгінде кітапхана қорында 5000-ға жуық сирек кездесетін әдебиет, 13000-дай ағылшын тіліндегі кітаптар және электронды оқулықтар, аудио-бейнетаспалар бар.