Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ОБЛЫСТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА ТАЗА СЕССИЯ МӘСЕЛЕСІ КӨТЕРІЛДІ

ОБЛЫСТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА ТАЗА СЕССИЯ МӘСЕЛЕСІ КӨТЕРІЛДІ


    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың 2017 жылға арналған кешенді жоспарына сәйкес Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің, «Болашақ» университетінің және Ақмешіт институтының басшылығы, оқытушылық құрамы және студенттерінің қатысуымен «Академиялық адалдық және таза сессия – жоғары білім жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастырудың негізгі факторы» тақырыбында облыстық конференция өткізілді.
     Студенттер сарайында өткен конференцияға Мемлекеттік қызметі істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Б.Байхожаев қатысып, оқу процесіндегі академиялық тазалық және таза сессия маңыздылығына тоқталды.
    Іс-шарада «Болашақ» университетінің ректоры Ө.Үмбетов, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің департамент директоры Ж.Майгелдиева,  Ақмешіт институтының бөлім меңгерушісі А.Бекенова баяндама жасады.
    Сонымен қатар, «Демеу» студенттер кәсіподағы комитетінің төрағасы Ш.Қаратайұлы Сыр елінің студент жастары атынан қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы үндеуді оқыды.
    Конференция жұмысын Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің проректоры А.Жүнісов қорытындылады.





07 қараша 2017 ж. 931 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области