Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА БАЛ БИЛЕРІНЕН «QYZYLORDA OPEN-2018» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІ ӨТЕДІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА БАЛ БИЛЕРІНЕН «QYZYLORDA OPEN-2018» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІ ӨТЕДІ


     «Евразия» спорт кешенінде облыс әкімінің кубогы үшін 1 сәуір күні бал билерінен «QYZYLORDA OPEN-2018» халықаралық турнирі өтеді. Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен және ҚР ұлттық билері кеңесінің бастамасымен ұйымдастырылатын турнир Астана қаласының 20 жылдығы мен Қызылорданың 2 ғасырлық мерейтойына арналған. Ұйымдастырушы – облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы.
    Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара мемлекеттік жастар саясатаның 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын жүзеге асыру, өңірде бал билері өнерін дамыту, өскелең ұрпақтың шығармашылығын шыңдау және талантты қыз-жігіттерді қолдау мақсатында өтеді. Турнирге ТМД елдері мен республиканың өзге облыстарынан барлығы 800-ге жуық адам қатысады. Мәселен, Ресей, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен, сондай-ақ Астана, Тараз, Шымкент, Қарағанды және т.б. қалалардан келген өнерпаздар бақ сынайды.
    Сайыскерлердің өнерін Ресей, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның білікті мамандарынан құралған қазылар алқасы, барлығы 24 төреші бағалайды.
    Турнирді тамашалау тегін.
    «QYZYLORDA OPEN-2018» турнирінің бағдарламасы
    10.00 – балалар тобы
    13.30 – балалар тобы
    16.00 - балалар тобы
    19.00 – жасөспірімдер тобы мен ересектер
    Марапаттау рәсімі


27 наурыз 2018 ж. 813 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области