Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада «Жас кәсіпкер» жобасына қабылдау басталды

Қызылордада «Жас кәсіпкер» жобасына қабылдау басталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша 2019 жылдың 22 шілдесінен бастап оқыту басталатынын хабарлайды.

Жоба қала және аудан тұрғындарын кәсіпкерлік дағдыларына оқытуға бағытталған. Тұрғындар NEET категориясындағы жастар (29 жасқа дейінгі), жас отбасы мүшелері, аз қамтылған көпбалалы отбасы мүшелері, аз қамтылған еңбекке қабілетті мүгедектерді оқуға шақырамыз.
Жобаға қатысу үшін тестілеуден өту қажет, соның қорытындысы бойынша топқа іріктеу жүргізіледі. Қызығушылық танытқандар Өңірлік кәсіпкерлер палатасының қалалық, аудандық филиалдарына/тұрғындарды жұмыспен қамту орталықтарына/ауылдық округ немесе елдімекен, қала әкімдігіне жүгіне алады, сонымен бірге өтініш пен сауалнама толтырады.
Өзімен бірге жеке куәліктің көшірмесі, мекен-жай анықтамасы, өтініш, үлгіге сәйкес толтырылған сауалнама парақшасы болуы керек.
Оқу ұзақтығы – 3 апта. Бірінші кезең бойынша тестілеу 2019 жылғы 22-23 шілде аралығында өтеді. Оқу 2019 жылғы 24 шілде – 09 тамыз аралығында жүргізіледі.
Бағдарламаға қатысушыларға шәкіртақы төленеді және курс бітірушілеріне сертификаттар беріледі.

Толық ақпарат алу үшін келесі мекен-жайларға хабарласуға болады:
Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы: Қызылорда қ., Желтоқсан көшесі, 12, телефон: 8/7242/400981, сайт: www.atameken.kz.
Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарының мекен –жайлары:
Арал ауданы – Арал қ., Бактыбай батыр к-сі, 46 үй, тел.:8/72433/79199
Қазалы ауданы – Әйтеке би кенті – Әйтеке би к-сі, 9 «а» үй, тел.:8/72438/79243
Қармақшы ауданы – Жосалы кенті, Көшербаев к-сі, 36 үй, тел.:8/72437/79120
Жалағаш ауданы – Жалағаш кенті, Қазыбек би к-сі, 47 «а» үй, тел.:8/72431/79199
Сырдария ауданы – Тереңөзек кенті, Қонаев к-сі, 12 «а» үй, тел.:8/72436/79179
Шиелі ауданы – Шиелі кенті, Рысқұлов к-сі, 5 үй, тел.:8/72432/79255
Жаңақорған ауданы – Жаңақорған кенті, Иманов к-сі, 171 үй, тел.:8/72435/79120
Анықтама телефондары: 40-02-02, 40-09-81
16 шілде 2019 ж. 1 137 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области