Қызылордада «Мерейлі отбасы» конкурсы басталады
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының Қызылорда қалалық деңгейдегі бірінші кезеңі басталды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
Конкурсқа қатысуға еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері жоғары отбасылар жіберіледі.
1)Қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар;
2)бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізімі:
1)ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2)асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін – жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
3)неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
4)Ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі- бар болса;
5)Балаларды тәрбиеленгені үшін алған көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін алған көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
6)балалардың, ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және мінездемелер;
7)ұсынымдар (әріптестерінің, көршілерінің, достарының);
8)отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына құжаттар 2019 жылдың 10 сәуір-6 мамыр аралығында қалалық ішкі саясат бөлімінде қабылданады.
Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Ы.Жақаев көшесі №16 үй (қала әкімдігінің ғимараты), 313 - кабинет, байланыс телефоны: 26-35-62, 26-39-54.