ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР!
БАРШАҢЫЗДЫ ӨНЕГЕЛІ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ЖАҢҒЫРТУҒА ЖӘНЕ ОТБАСЫ МЕН НЕКЕНІҢ (ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛЫҚТЫҢ) ЖАҒЫМДЫ ҮЛГІСІН ТАРАТУҒА, ОТБАСЫ МӘРТЕБЕСІН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» ҰЛТТЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ БІРІНШІ КЕЗЕҢІНЕ ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қалалық деңгейдегі бірінші кезеңіне қатысушы үміткерлерге қойылатын талаптар
Конкурсты өткізудің мақсаттары:
1) Отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану:
2) Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;
3) Отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқор болуын дәріптеу, және кеңінен насихаттау.
4) Қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.
конкурсқа қатысуға мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері жоғары отбасылар жіберіледі.
1) Қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар;
2) бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды.
Комиссия үздік отбасыларды айқындау туралы шешім қабылдау кезінде мынадай критерийлерді басшылыққа алады:
2) отбасылық дәстүрлер және жәдігерлер;
3) отбасының рухани-адамгершілік құндылықтары;
4) балаларының жетістіктері;
5) ата-аналарының үлгі тұтарлықтай жетістіктері:
6) өздерінің шыққан тегін білу (шежіре – ру тарихы);
7) отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің саны- бір аумақта бірге тұрып жатқан бірнеше ұрпақтың өкілдері);
8) отбасының дарындары;
9) отбасының өмір сүру салты (саламатты өмір салты, бос уақытта және т,б.);
10) отбасының қоғамдағы беделі.
Конкурсқа қатысуға өтінім қалалық комиссияға конкурстың басталғаны туралы көпшілікке мынадай құжаттармен бірге беріледі.
1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін – жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
4) Ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі- бар болса;
5) Балаларды тәрбиеленгені үшін алған көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін алған көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
6) балалардың, ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және мінездемелер;
7) ұсынымдар (әріптестерінің, көршілерінің, достарының);
8) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына құжаттар 2018 жылдың 25 сәуіріне дейін қалалық ішкі саясат бөлімінде қабылданады.
Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Ы.Жақаев көшесі №16 үй (қала әкімдігінің ғимараты), 307-кабинет, байланыс телефоны: 26-35-62, 27-20-81.