Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада екі күн «Жолда қабылдау» акциясы өтеді

Қызылордада екі күн «Жолда қабылдау» акциясы өтеді

Kyzylorda-news.kz. Халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментімен ағымдағы жылдың қаңтар айының 17–18 күндері аралығында «Жолда қабылдау» акциясы өткізіледі.Облыс тұрғындарымен кездесуде департамент бастығы, оның орынбасарлары, Жергілікті полиция қызметі, Әкімшілік полиция басқармасы, жол-техникалық инспекция бөлімшелерінің басшылары арнайы орындарда халықты жеке қабылдайды.
Акция барасында халыққа ішкі істер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтерді алу кезінде кәсіпкерлер мен тұрғындар үшін шығындарды қысқарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы, оның ішінде электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ он-лайн режимінде айыппұлды қарау және төлеу,  полиция  қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану тәртібі туралы құқықтық кеңестер беріледі.
«Жолда қабылдау» акциясы облыстың барлық аудандарында және облыс орталығында өткізіледі. Атап айтқанда:
Қызылорда қаласы – Әуелбеков көшесінде орналасқан №1 «Самара» стационарлық полиция бекеті;
Қызылорда қаласы «Ескі базар» жанында орналасқан Тоқтыбаев көшесіндегі №3 «Самара» стационарлық бекеті;
Арал қаласы – «Жаксат и К» авто бекеті М.Өтемісұлы көшесі
Қазалы ауданы – Әйтеке би- Қ.Пірімов көшелері қилысы «Фронт-офис»;
Қармақшы ауданы - Абай көшесі халыққа қызмет көрсету орталығы;
Жалағаш ауданы – «Аманкелді көшесі, Байтерек базары жанында»;
Сырдария ауданы –Аманкелді көшесі 47 аудандық полиция бөлімі;
Шиелі ауданы –Жахаев көшесі №1 учаскелік полиция пункіті;
Жаңақорған ауданы – Ы.Алтынсарин көшесі №1 учаскелік полиция пункіті;
Байқоңыр қаласы–Ахай кенті Абай көшесінде орналасқан стоционарлық полиция бекеті, Төретам кенті Жанқожа батыр көшесінде орналасқан стоционарлық полиция бекеті;
Аталған шара сағат 08:00-ден сағат 18:00-ге дейін  жалғасады.
17–18 қаңтар аралығында 30-45-51, 30-40-23 телефондар бойынша «жедел желі» жұмыс жасайтын болады.
Бұдан бөлек  пәтер иелері коперативының қызметкерлерімен бірге учаскелік полиция инспекторлары төмендегі мекен-жайларда аулада қабылдау акциясын өткізеді;
1. №9 әкімшілік аймақта Шұғыла м/а №25 үй ауласы;
2. №10 әкімшілік аймақта Абай даңғылы №41 үй ауласы;
3. №11 әкімшілік аймақта «Сәулет» мөлтек ауданы №8 үй ауласы;
4. №12 әкімшілік аймақта «Наурыз» мөлтек ауданы №13 үй ауласы;
5. №13 әкімшілік аймақта С.Бейбарыс көшесі №8 үй ауласы;
6. №14 әкімшілік аймақта «Арай-3»  м/а №60 үй ауласы.      
16 қаңтар 2020 ж. 385 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области