Қызылордада «Жолда қабылдау» акциясы өтеді
Kyzylorda-news.kz. Халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментімен ағымдағы жылдың тамыз айының 16 –17 күндері аралығында «Жолда қабылдау» акциясы өтеді.
Облыс тұрғындарымен кездесуде департамент бастығының орынбасарлары, жергілікті полиция қызметі, әкімшілік полиция басқармасы, тіркеу-емтихан қабылдау және жол-техникалық инспекция бөлімшелерінің басшылары халықты жеке қабылдайды.
Акция барысында халыққа ішкі істер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтерді алу кезінде кәсіпкерлер мен тұрғындар үшін шығындарды қысқарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы кеңес алады. Оның ішінде электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ онлайн режимінде айыппұлды қарау және төлеу, полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану тәртібі түсіндірілмек.
«Жолда қабылдау» акциясы облыстың барлық аудандарында және облыс орталығында өткізіледі.
Атап айтқанда:
1. Қызылорда қаласы–Ы.Жахаев пен Әбілхайырхан көшелерінің қиылысы, Ғ.Мұратбаев-Қ.Яссауи көшелерінің қилысы (Шұғыла м.а, Құлагер аялдамасы),
2. Арал қаласы – «Қанағат базары» Қызылорда көшесі
3. Қазалы ауданы – «Орталық алаң» Қ.Пірімов көшесі
4. Қармақшы ауданы - «Темір жол вокзалы» Железнодорожная көшесі;
5. Жалағаш ауданы – «Аманкелді көшесі, Байтерек базары жанында»;
6.Сырдария ауданы – «Арзан базар» Аманкелді көшесі
7.Шиелі ауданы– Орталық стадион, Жахаев көшесі,
«Жадыра сауда үйі» Сейфуллин көшесі
8. Жаңақорған ауданы – «Нұрасыл сауда үйі» Аманкелді көшесі.
9. Байқоңыр қаласы–Ақай мен Төретам кенттерінің орталық алаңдары.
Аталмыш шара сағат 08:00-ден сағат 18:00-ге дейін жалғасады.
16–17 тамыз аралығында 30-33-20, 30-50-30 телефондар бойынша «жедел желі» жұмыс жасайтын болады.