«Жолда қабылдау» акциясы өтеді
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы полиция департаменті 17-18 мамыр күндері «Жолда қабылдау» республикалық акциясын өткізеді. Шара халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ұйымдастырылмақ.
Акция аясында департамент бастығының орынбасарлары, жергілікті полиция қызметі, әкімшілік полиция басқармасы, тіркеу-емтихан қабылдау және жол-техникалық инспекция бөлімшелерінің басшылары арнайы автобустарда халықты жеке қабылдайды.
Кездесу барысында азаматтарға ішкі істер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтерді алуда кәсіпкерлер мен тұрғындар үшін шығындарды қысқарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы түсіндіріледі. Электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ онлайн режимінде айыппұлды қарау және төлеу, полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану тәртібі туралы құқықтық кеңес беріледі.
«Жолда қабылдау» акциясы облыстың барлық аудандарында және облыс орталығында өткізіледі.
1. Қызылорда қаласы – Өсербаев пен Айтеке би көшелерінің қиылысы, КБИ м/а орталық аймағы, Тасбогет м/а орталық алаңы;
2. Арал қаласы – «Қанағат базары» Қызылорда көшесі
3. Қазалы ауданы – «Орталық алаң» Қ.Пірімов көшесі
4. Қармақшы ауданы - «Темір жол вокзалы» Железнодорожная көшесі;
5. Жалағаш ауданы – «Орталық базары»;
6. Сырдария ауданы – «Арзан базар» Аманкелді көшесі
7. Шиелі ауданы – Орталық стадион, Жахаев көшесі «Жадыра сауда үйі» Сейфуллин көшесі
8. Жаңақорған ауданы – «Нұрасыл сауда үйі» Аманкелді көшесі.
9. Байқоңыр – Ақай мен Төретам кенттерінің орталық алаңдары.
Аталған шара сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін жалғасады.
30-33-20, 30-50-30, 30-41-32 телефон нөмірлері бойынша «Жедел желі» жұмыс істейтін болады.