Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сырдария ауданында «Жолда қабылдау» акциясы өтті

Сырдария ауданында «Жолда қабылдау» акциясы өтті

Kyzylorda-news.kz. Сырдария аудан тұрғындары арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Тереңөзек кентінде «Жолда қабылдау» акциясы өтті.

Акцияны Қызылорда облыстың Полиция департаментінің бастамасымен аудандық полиция бөлімі ұйымдастырды.
Шараның ашылуында сөз сөйлеген аудандық полиция бөлімінің мамандары жұмыстарды ашықтыққа негіздеу, құқықтық кеңес беру, Заң талаптарын түсіндіру басты мақсат екенін атап өтті. Сонымен бірге, аталған акция құқықбұзушылық әрекеттерін азайтуға септігін тигізетініне сенім білдірді.
«Жолда қабылдау» акциясында ішкі істер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтерді алу кезінде кәсіпкерлер мен тұрғындар үшін шығындарды қысқарту бойынша қабылданып жатқан шаралар, оның ішінде электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы құқықтық кеңестер берілді.
Айта кету керек, аудан әкімдігінің қолдауымен құқықтық кеңес беру бағытындағы іс-шаралар аудан мектептерінде тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.
23 шілде 2019 ж. 435 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области