«Жолда қабылдау» акциясы өтеді
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Полиция департаменті ағымдағы жылдың 19-20 шілде күндері аралығында «Жолда қабылдау» акциясы өткізіеді.
Акцияның мақсаты - халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Акция барысында департамент бастығының орынбасарлары, Жергілікті полиция қызметі, Әкімшілік полиция басқармасы, тіркеу-емтихан қабылдау және жол-техникалық инспекция бөлімшелерінің басшылары арнайы автобустарда халықты жеке қабылдайды.
«Жолда қабылдау» акциясы облыстың барлық аудандарында және облыс орталығында өткізіледі. Атап айтар болсақ:
1. Қызылорда қаласы бойынша орталық алаң «Нұр Отан» партиясы ғимаратының алдында, Қорқыт ата көшесінің бойындағы «Жаңа базар» сауда орталығының алдында;
2. Арал қаласы – «Қанағат» базары;
3. Қазалы ауданы – орталық алаң;
4. Қармақшы ауданы - Темір жол вокзалы;
5. Жалағаш ауданы – Аманкелді көшесі;
6. Сырдария ауданы – «Арзан базар» (Аманкелді көшесі);
7. Шиелі ауданы – «Жадыра» сауда үйінің қасы;
8. Жаңақорған ауданы – «Нұрасыл сауда үйі».
9. Байқоңыр қаласы–Ақай мен Төретам кенттерінің орталық алаңдары.
Аталмыш шара 19-20 шілде аралығында сағат 08:00-ден сағат 18:00-ге дейін жалғасады. (8-72-42)30-50-30, 30-41-32 телефондар бойынша «Жедел желі» жұмыс жасайтын болады.