Қызылордада ертең тұман күтіледі
Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.
Ертең Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Ертең Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. Көкшетау қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, желдің екпіні таңертең және күндіз –15 м/с.
11 ақпанда түнде Түркістан облысының кей жерлерінде қатты қар күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығыс бағытына ауысатын жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді. Шымкент қаласында 11 ақпанда түнде қатты қар күтіледі. Кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Түркістанда 11 ақпанда түнде тұман, көктайғақ күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с. Петропавл қаласында 11 ақпанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

























