Құрылыс саласындағы кәсіпкерлер назарына
Kyzylorda-news.kz. ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алулардағы электрондық депозитарийді қалыптастыру рәсіміне оны әлеуетті жеткізушілермен толтырудың мерзімдерін ұзарту бөлігінде өзгерістер енгізілді.Атап айтқанда, электрондық депозитарийге жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттармен толтыру мерзімі 2020 жылдың 29 ақпанына дейін ұзартылды.
«Осыған байланысты біз құрылыс саласындағы барлық әлеуетті жеткізушілерден 2020 жылдың 29 ақпанына дейін электрондық депозитарийді толтыруды, атап айтқанда веб-порталға жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды енгізуді сұраймыз», - делінген хабарламада.
Егер көрсетілген мерзімде жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды енгізбеген жағдайда, мұндай мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті орган олардың сенімділігі расталғаннан кейін электрондық депозитарийге енгізеді. Оны қарау мерзімі 2 айдан 6 айға дейін.