Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІН ЛИЦЕНЗИЯЛАУ ЖӘНЕ БІЛІМ ТУРАЛЫ ҚҰЖАТТАРҒА АПОСТИЛЬ МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР

БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІН ЛИЦЕНЗИЯЛАУ ЖӘНЕ БІЛІМ ТУРАЛЫ ҚҰЖАТТАРҒА АПОСТИЛЬ МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР


Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының Білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және/немесе оған қосымшаны беру, қайта ресімдеу Қызылорда облысының білім саласындағы бақылау департаментінің құзырына берілген. Мемлекеттік көрсетілетін қызметі электронды түрде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: порталда өтініш тіркелген сәттен бастап: лицензияны және/немесе оған қосымшаны беру – 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей; лицензияны немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бюджетке жекелеген қызмет түрімен айналысу құқығына лицензиялық алым төленеді. Атап айтқанда лицензияны беру кезінде төленетін лицензиялық алым 10 (он) айлық есептік көрсеткішті, лицензияны қайта ресімдеу кезінде лицензиялық алым – төлеу күніне белгіленген 1 (бір) айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Білім беру ұйымы лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаларды алу үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салады, лицензия алу үшін "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеуді қоспағанда жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi беріледі. Сонымен қатар, іске асырылатын білім беру оқу бағдарламаларына байланысты құжаттар ұсынылады. Атап айтқанда, бекітілген нысандар бойынша бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін: педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер, оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер, медициналық қызмет көрсетудің болуы, соның ішінде медициналық пункттің болуы және медициналық қызметке лицензия туралы мәліметтер, санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы туралы мәліметтер, пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасы мен техникалық оқу құралдарының болуы туралы мәліметтер, сонымен бірге үлгілік оқу жоспарларына сәйкес әзірленген білім беру ұйымының басшысы бекіткен оқу жұмыс жоспарларының электрондық көшірмелері, ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері. Негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін: бекітілген нысандар бойынша педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер, оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер, медициналық қызмет көрсетудің болуы, соның ішінде медициналық пункттің болуы және медициналық қызметке лицензия туралы мәліметтер, санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы туралы мәліметтер, пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасы мен техникалық оқу құралдарының болуы туралы мәліметтер, білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз етуі, соның ішінде компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің болуы туралы туралы мәліметтер, цифрлық тасымалдағыштардағы оқу және ғылыми әдебиеттер қорының бары туралы мәліметтер, сонымен бірге, үлгілік оқу жоспарларына сәйкес әзірленген білім беру ұйымының басшысы бекіткен оқу жұмыс жоспарларының электрондық көшірмелері, ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін: бекітілген нысандар бойынша педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер, оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер, медициналық қызмет көрсетудің болуы, соның ішінде медициналық пункттің болуы және медициналық қызметке лицензия туралы мәліметтер, санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы туралы мәліметтер, пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасы мен техникалық оқу құралдарының болуы туралы мәліметтер, білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз етуі, соның ішінде компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің болуы туралы туралы мәліметтер, цифрлық тасымалдағыштардағы оқу және ғылыми әдебиеттер қорының бары туралы мәліметтер. Сонымен бірге, техникалық және кәсіптік білім берудің, сонымен қатар техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және үлгілік оқу жоспарына сәйкес оқытудың толық кезеңін қамтитын мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленген сұратылып отырған мамандықтың оқу жұмыс жоспарының электрондық көшірмелері, сұратылып отырған мамандыққа немесе біліктілікке сәйкес практикадан өткізу базалары ретінде айқындалған ұйымдармен жасалған шарттардың электрондық көшірмелері, ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері беріледі.
Лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін: көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салады. "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеуді қоспағанда жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi беріледі. Алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмелері ұсынылады. Көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуына байланысты белгіленген талапқа сәйкес нәтижесі шығарылады. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға өтінішпен жүгіне алады. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күн ішінде қарауға жатады. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
"Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Қызылорда облысының білім саласындағы бақылау департаменті (бұдан әрі департамент) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) және "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні;
2) порталға жүгінген кезде:
І кезең - құжаттар топтамасының қабылдануын және "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы мемлекеттік баждың төленгенін растау бойынша хабарлама алу – 5 (бес ) жұмыс күні;
ІІ кезең - Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру – 10 (он) жұмыс күні;
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді:
1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің барынша рұқсат етілген уақыты – 15 (он бес) минут;
2) Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты – 15 (он бес) минут.";
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Көрсетілетін қызметті беруші департамент мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;
2) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Қызылорда облысының білім саласындағы бақылау департаментімен 2017 жылдың маусым айынан бастап облыс тұрғындарының 112 өтініші бойынша білім туралы құжаттарына (түпнұсқа) мемлекеттік қызмет түрін көрсетті.
25 мамыр 2018 ж. 930 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области