Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АТТЕСТАТТАУ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚАЖЕТ?

АТТЕСТАТТАУ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚАЖЕТ?


    Бүгінгі таңда мұғалімдерді аттестаттау туралы қоғамда түрлі пікір айтылуда. Айта кетейік, білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесі «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі ҚР Заңына сәйкес Үкіметтің сол 2007 жылғы 24 желтоқсандағы №1270 қаулысымен бекітілген болатын.  Осыған орай, білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау елімізде 2012 жылдан бері жүзеге асырылып келеді.
    Мемлекеттік аттестаттау білім беру ұйымдарының кадрлық құрамын, олардың біліктілік талаптарының сақталуына, оқу-әдістемелік жұмыс және педагогикалық жүктеменің, оқу-тәрбие жұмысы және т.б. білім беру ұйымы, сондай-ақ, мамандықтар бөлінісінде мемлекеттік аттестаттауды жүргізу кезіндегі негізгі бағыттар мен зерделеу обьектілерінің жұмысын бір реттілікке келтіруде оң нәтижелі жұмыстар жүргізді Дегенмен де білім беру ұйымдарын аттестаттау барысында білім алушылардың білім сапасының мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарына сәйкестігін айқындау үшін аттесттау комиссиясы 4, 9 және 11 сыныптарда білім алушылардың білімін, дағдысын және іскерлігін бақылауды өткізу кезінде нәтижесі 70 пайыздан кем емес дұрыс жауап бергенде «аттестатталынсын» деген шешім қабылдайтындығы білім беру ұйымдары үшін өте жоғары деңгейде қиындық туғызды. Себебі, білім беру ұйымы, сондай-ақ, мамандықтар бөлінісінде мемлекеттік аттестаттауды жүргізу кезіндегі негізгі бағыттар мен зерделеу обьектілерінен оң нәтиже көрсетіп сәйкес келіп тұрса да аттестатталмай қалатындығы ұжым мүшелерін қынжылтып отырды. Сонымен бірге тест нәтижесінен жоғары нәтиже көрсету мақсатында білім беру ұйымдары түрлі заңсыздық әрекеттерге барып, өрескел қателіктерге бой алдырғандығы жасырын емес. Немесе әрбір аймақтар бойынша білім беру ұйымдары арасында мемлекеттік аттестаттаудан оң нәтиже көрсету мақсатында жалған ұрандатушылықта бой алдыртып отырды. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасының Ереже талаптарына сай келмейтіндігі де білім мекемелерінің мемлекеттік аттестаттаудан оң нәтиже алмауына кері әсерін беріп отырды. Яғни, оқу және ғылыми зертханалардың болмауы білім беру ұйымы басшыларының кінәсі деп есептемеймін. Ол жергілікті немесе облыстық, республикалық бюджет есебінен толықтырылатыны баршаға мәлім.
    Білім сапасын бақылау департаментінің 5 жыл сайын мемлекеттік аттестаттау өткіземін дегенше аудандық, облыстық, республикалық білім бөлімі тараптарынан әрбір оқу жылы сайын да түрлі бағыттар бойынша тұрақты зерделеу жұмыстары жүргізіліп отырады. Зерделеу жұмыстарының қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарында әрбір бағыттарда кеткен кемшіліктер мен қателіктерге дер кезінде бағыт бағдар беріп келеді. Кезекті немесе кезектен тыс зерделеу жұмыстары ұстаздар қауымына моралдық және психологиялық тұрғыдан қиындық туғызатындығы айтпаса да түсінікті.
     Сондықтан алдағы уақыттарда мемлекеттік аттестаттау жұмыстарын жүргізу білім беру ұйымдары үшін қажет емес деп ойлаймын.
    К.ТЛЕПОВ,
    №61 орта мектебінің директоры
    Арал ауданы

02 наурыз 2018 ж. 711 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области