Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ҚҰРЫЛҒАН ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ

ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ҚҰРЫЛҒАН ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ


    ҚР Білім және ғылым министрінің «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 25 шілдедегі №355 бұйрығына сәйкес, облыстық білім беру мекемелері жанынан 293 қамқоршылық кеңес ұйымы құрылды.
    Қазіргі таңда Қызылорда қаласы мен аудандық білім бөлімдерінің интернет қорларында қамқоршылық кеңестердің ашылғандығы, оның құрамы және өткізілген жиындарының хаттамалары орналастырылған.
    Облыс бойынша 5 білім беру мекемесіндегі қамқоршылық кеңес жұмыстары департамент тарапынан қолдауға ие болды. Яғни, олар тірек орыны болып табылып, жұмысы сараланып отыратын болады.
    Оның құрамы тақ саннан, 9 адамнан кем емес, оның ішінде бір-біріне туыстық қатынаста тұрмайтын мүшелерінен құралады. Оның ішінде мемлекеттік органдарда қызмет атқаратындары 3 адамнан аспайтын, жергілікті атқарушы, өкілді және құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестік негізіндегі қызметкерлерден, коммерциялық емес ұйымдардан, қайырымдылық жасайтын адамдардан, ата-аналар комитеті ұсынған параллель оқитын сыныптардың бір-бірден ата-аналарынан құрылады.
    Білім беру ұйымының басшысы және оның орынбасарлары қамқоршылық кеңес жұмыстарының барлық жиынына қатысуға құқылы.
    Мемлекеттік органдарда қызмет жасайтын кісілер қамқоршылық кеңес төрағалығына сайланбайды және ол қызметтер бойынша міндеттемелер қабылдамайды.
    Нақты кезеңде қамқоршылық кеңес құрылған мекемелердің қаржылық құқықтық формасына байланысты олардың құрылу нысаны өзгертілуі қарастырылуда. Бұл жағдайда мекемелер өз жарғылары негізінде ақылы қызметтер көрсету арқылы есепшоттарына қаржы түсіріп, қамқоршылық кеңестердің келісімімен оларды игеріп отыратын болады. Түскен қаржы білім беру мекемелеріндегі оқушылар мен тәрбиеленушілердің әлеуметтік қорғалуына, білім мекемелерінің материалдық техникалық базасын жақсартуға, спорттық шараларға, талантты оқушыларды көтермелеуге, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс білім беру процесін ұйымдастыруға шығыстарды жүзеге асыруға жұмсалатын болады.
    Бұл жұмыстардың ашықтығын қамтамасыз ету үшін интернет ресурстарға үнемі қамқоршылық кеңес жұмыстары жарияланып тұрады. Айта кетейік, қамқоршылық кеңестің отырысы кемінде тоқсанына 1 мәрте өткізіліп отырады.  

16 ақпан 2018 ж. 613 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области