АУЫЗ СУ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛАДЫ!
2018 жылғы мамыр айының 14 күні сағат 22.00-ден 15 мамыр сағат 06.00-ге дейін «Южный» шағын ауданы мен Амангелді көшесі және Қорқыт Ата көшелерінде орналасқан ашып-жабу камераларындағы д-700 мм ескі құбырларын ажырату жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты көрсетілген уақыт аралығында қала орталығында ауыз су беру уақытша тоқтатылады.
Осы аралықтағы қажетті ауыз су мөлшерін жинап алуларыңызды және атқарылатын жұмыстарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.