Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық оқушылар Жеңіс күніне орай онлайн марафон бастады

Қызылордалық оқушылар Жеңіс күніне орай онлайн марафон бастады

Kyzylorda-news.kz. Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары сұрапыл соғыста жастық жігерін қару етіп, Отан үшін күреске түскен қайсар мінезді ата-әжелері туралы әлеуметтік желілерде баяндауды жөн көрді.
«Ұлы жеңіске қол жеткізуге менің атам Зейнет Ибеевтың қосқан үлесі зор», – дейді Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-ші сынып оқушысы Марғұлан Мнажаддин.
Шөбересі атасының сұрапыл соғыста жасаған ерлігі мен бейбіт күндердегі еңбектері туралы естеліктерін үнемі еске сақтап, ол туралы сыныптастарымен бөлісіп отырады.
«Мен атамның ерлігіне мақтанамын және оның алдында бас иемін. Осындай бейбіт аспанда өмір сүру бақытын сыйлаған ардагерлерімізді ешқашан ұмытпауымыз керек», – дейді ол.
Отты жылдардың ізі қалған отбасылық естеліктермен бөлісу арқылы жас зияткерлер батырларымыздың даңқты ерліктері мен шынайы патриоттығын жас ұрпаққа таныстырып, тәуелсіз елімізде тыныштық сыйлаған ардагерлерімізге шексіз алғыстарын білдіреді.
Қызылорда облысында көзі тірі 16 Ұлы Отан соғысының ардагерлері қалды. Оның бірі – 97 жастағы Кәлеп Бектұрғанов. Жас зияткерлер Қызылордадан әскер қатарына шақыртылған сарбаздың өмірі мен оның майдан даласында жасаған ерліктері жайында зерттеушілік жұмыстар жүргізіп, Отан үшін оққа тосқан кеудесі бүгінде орден-медальге толы батыр атаға оқушылар шынайы алғысын білдірді.
«Ер есімі – ел есінде» демекші, ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды. Ардагерлердің ерең ерліктері, қажырлы еңбектері мен табандылықтары үшін бас иеміз. Мерекеге орай барлық Жеңіс батырларына мықты денсаулық, ұзақ құмыр мен бақ-береке тілеймін», – дейді 12-сынып оқушысы Тамара Розметова.
Жыл өткен сайын соғыс тарихы алыстап, ардагерлер қатары сиреп барады. Алайда олардың жасаған ерлігі бүгінгі ұрпақ санасында мәңгі сақталады.
Мерекелік марафон барысында Зияткерлік мектеп ұжымы құнды деректерге толы «Майданнан келген хат», «Ұлы Жеңіс батырлары» секілді арнайы топтамалар мен патриоттық онлайн шаралары арқылы жас ұрпақ арасында ҰОС тарихы мен оның қаһармандары туралы насихаттауды жоспарлайды.
05 мамыр 2020 ж. 12 346 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области