Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАҚҚА ҚАТЫГЕЗДІК ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛҒАН?

ҚАЗАҚҚА ҚАТЫГЕЗДІК ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛҒАН?


    Соңғы жаңалықтар адамның жүрегін ауыртатын болды. Бір жақта жас қыздар бір-бірінің шашын жұлып, ер адамнан әрмен төбелесіп жатады, бір жақта жап-жас жігіттер қимылсыз қалған адамның басынан тепкілеп жүреді. Оларды көріп: «жастарымыз, еліміз не болып барады»,- деп жұрт шошынуда.
    Осындай шімірікпес қатігездік бізге қайдан, қалай, қашан жұққан? Кейбір адам интернетті кіналайды, біреулер ауылдағы жұмыссыздық, жоқшылықтан қалаға көшіп келіп, орын таппаған, торыққан, түңілген, дәстүрден айныған маргиналдық қоғамға айналып барамыз деп ойлайды. Ойлы деген зиялыларымыз арагідік елге идеология бермеді деп билікті айыптаудан аспайды. Сонда болып жатқан жағдайдың шын себебі не?
    Ежелгі, дәстүрлі қазақ қоғамында қатыгезік жоқ еді. Өз бауырласы, қандасы тұрғай, жауын қинап, азапқа салмайтын. Тариxте бір де бір адамды азаптау, қорлап өлтіру туралы дерек сақталмаған. Өйткені, тірі жанға, өзі сияқты жан иесіне азар салып, қиянат жасап, қинауды обал деп есептейтін. Ол қасиет бала кезден қанымызға, санамызға әбден сіңіп кеткен болатын.
    Оның үстіне ұят деген қоғамдағы үлкен регулятор болатын. Ұят сырт елден жамандықты жасыру емес, жамандықтан аулақ жүруге, ойды таза ұстауға тәрбиелейтін этикалық тежегіш еді. Қазір сол ұят туралы ұғым түбірімен өзгеріп, жат, жалған қалыпқа түсті. Ендігіде ұят болады деп, жәңа туған нәрестені әжетxанаға лақтырып кете баратын сұмдық бір мінез шығардық! Бұл, -тереңдей қарасақ, «өлімнен ұят күшті» деген керемет принципті теріс түсініп, дәстүрден айнып, азып кеткеніміздің бір белгісі.
    Идеология керек деп талай сөз айтылып жүр. Ол, шынымен, біздің қоғамға қажет пе? Идеология деген — адамның ақыл-ойына салынған кісен, тек былай ойлап, былай жүруге ғана рұқсат, ал қылдан тайсаң, қылмыскерсің, біз белгілеген шеңберден шығып ой ойлап, пікір түйуге тиым салынады деп адамның ой-санасын, жақсылық-жамандықты парықтау қабілетін шектеп қоятын руxани абақтымен бірдей. 70 жылдан артық коммунистік-империялық идеологияға жүгініп, өз ақылымызбен ой қорытып, өз тағдырымызға өзіміз жауапты болудан әбден айырылып қалдық. Сенгіш, көнгіш, ергіш тобырға айналып бара жаттық. Соның салдары болар, бүгін қит етсе «біздің қазақ жалқау», «біздің қазақ мақтаншақ», «біздің қазақ бір-бірін көре алмайды» деген сөздерге желдей еседі. Солай сөйлей салуға өз аузымыз да бейімделіп алды.
    Қазақтың басқа жұртқа сорақылау естілетін бір мақалы бар: «Ұра берсең, Құдай да өледі» деген. «Жалқаусың, даңғойсың, күншілсің» дегенді естіп өскен жастарға не сын айтарсыз? «Шынымен, солай екен»,-деп сенуі де, басқа, жалған идеяларға елігуі де оп-оңай. Дәстүрлі этика: адал мен арам, обал мен сауап туралы ұлттық принциптерді түсінбеу, шын ерлік пен ездіктің ара жігін ажырата алмау этикалық мутацияға, бүлінуге әкеп соқтырады. Шын намыстың орнын жалған намыс, шын ұяттың орнын жалған ұят басады. Адамгершілік тиянағынан айрылған жұрт қатігездікті ерлік, намыс, қасиет ретінде қабылдай бастайды.
    Осының себебімен жастарымыз адасып, бірі діни радикалдық жолға түсіп, енді бірі араққа тойып төбелескенді батырлық деп есептейді. Өйткені адам баласына тек дүние-мал емес, руxани құндылықтар де керек. Оны өз ұлтымыз, қоғамымыздың жүрегінен таппасақ, жан-жақтан теріп, бөтен идеяларға еріп, сіра да ештеңе таппаймыз. «Есің барда еліңді тап» деп аталарымыз бекер айтпаған. Бүгін сол елімізді іздеп, табатын, іздегенде қазір көмескіленіп қалған асыл қасиетімізді түгендейтін жағдайға жетіп тұрмыз. Мен руxани жаңғыруды ең әуелі осы тұрғыда түсінемін.
    Талғат Қалиев, саясаттанушы

17 қазан 2017 ж. 1 547 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области