ОҚШАУ ОЙ
Асанәлі ағамыз жайлы көрсетіп жатыр ("Астана"). Бағдат жеңешеміз: "Әшірбек Сығай Асекең жайлы айтты", - деп соғып отыр. Онда тұрған түк жоқ сияқты иә, бір қарағанда.
Ал бірақ Әшірбек аға жеңешеміздің құрдасы, кластасы емес қой, одан үлкен. Қайын ағасы емес, жарайды... Көрдіңіз бе, күйеудің тегіне өткізу арқылы қазақ келінінің ұлттық иба-инабатынан айырған жымысқы саясаттың жемісін. Бұрынғы қазақ келіні өзінен үлкенді аты мен тегін баттитып айта алар ма еді?
Міне, ұлттық кодты қайдан іздеудің басы! Руxани жаңғыру осындай аса байқала бермейтін ұсақ-түйекке оралудан басталады. Солай ғой!
Айгүл Болатханқызының фейсбуктегі парақшасынан