«ЖАСТАР – СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ»
Аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік тапсырысы шеңберінде «Қорқыт елі - Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігі және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 16 сәуір күні аудандық «Жыраулар үйі» алаңында «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың 2018 жылға арналған Кешенді жоспарына сәйкес Қармақшы ауданында «Адал жол – Честный путь!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны өткізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонына аудан көлеміндегі ҮЕҰ-дың өкілдері, аудан жастары және қоғамдық үйым өкілдері белсене қатысып, Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры М.Ибраев сөз алып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың 20 жылдығына орай ұйымдастырылған шараның мақсатын түсіндіріп өтті.
Ұйымдастырылған шарада мектеп оқушылары мен ауданымыздың белсенді жастары сыбайлас жемқорлыққа қарсы өз ұсыныс – пікірлерін білдіріп, алдағы уақытта да белсенділікпен қатысатындарын жеткізіп, «Жастар – сыбайлас жемқорлыққа қарсы» деп ұрандатып жастарымыз флешмоб өткізді, марафон аясында тағыда басқа көптеген шаралар өз жалғасын табатын болады
Бірлестік төрайымы А.Нұрмағанбетова