СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ
Қызылорда қаладасынғы №264 мектеп-лицейінде «Жемқорлыққа қарсы заңнаманы қалыптастырудың жиырма жылдығы» тақырыбында біріңғай оку сағаты өткізілді.
Шараның мақсаты рухани – адамгершілік және патриоттық тәрбиелеу контексінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру.
Жиынды мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н. Дүйсебекова жүргізді. Ол ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар заңды-құқықтық негізге ие болып, түрлі бағдарламалар түріндегі сан алуан іс-шаралар қолға алынғанымен, бұл саладағы құқық бұзушылықтар тыйылмай отырғандығын атап көрсетті.
Мектеп-лицей оқушылары мен мұғалімдерінің қатысуымен түсірілген видеоролик арқылы аталған әлеуметтік құбылыстан жастарды қорғау және олардың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жолдары түсіндірілді. Шара соңында оқушылар жемқорлыққа қатысты өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдірді.