ЕЛІМІЗДІҢ АЛТЫ ӨҢІРІНДЕ АУА РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЕСКЕРТУ ЖАРИЯЛАНДЫ
Қазгидромет еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
20 - 21 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша желдің ұйытқуы 23-28 м/с. Оңтүстік-батыс бағытында дауылды жел, сонымен қатар жауын-шашынның түсуі күтілуде. Осыған байланысты мұз қабатының күрт бұзылуы, Есіл, Қызылжар ауданы, Петропавл қаласы аумағы бойынша су деңгейінің кенеттен көтерілуі ықтимал. Петропавл қаласы маңындағы судың қауіпті деңгейі - 940 см (судың алқапқа шығуы).
20 сәуірде тәулік бойы Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
20 - 22 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде оңтүстіктен 15-20 м/с жел, шаңды дауыл күтіледі.
20 сәуірде күндіз Ақтөбе облысында кей жерлерде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.
20 сәуірде күндіз Атырау облысында кей жерлерде күн күркіреп, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Атырау қаласында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с.