Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІН АЛУ КЕЗІНДЕ КЕДЕРГІ БОЛМАУЫ ТИІС

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІН АЛУ КЕЗІНДЕ КЕДЕРГІ БОЛМАУЫ ТИІС

Аймаққа сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жөніндегі республикалық арнайы мониторингтік топ өкілдері жұмыс сапарымен келді. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен құрылған топ қоғамдағы сыбайлас жемқорлық тәуекелділіктеріне және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге талдау жүргізеді.
  Екікүндік сапардың бірінші күнінде топ мүшелері облыс орталығындағы жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет түрлерін көрсететін бірқатар мекеме мен орталықта болды. Атап айтқанда, №3 қалалық емхана, Қызылорда қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы, кәсіпкерлерге қызмет көрсету және құқық қорғау қызметтер орталығы, қалалық жер қатынастары, қалалық сәулет және қала құрылыс бөлімдеріне барды. Онда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына мониторинг жүргізіп, әкімшілік кедергісіз орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажет деп ескертті. Сондай-ақ, республикалық топ Қызылорда облысы әкімдігінің ахуалдық орталығы мен аймақтағы алғашқы ІТ-Парктің жұмысымен танысты.
  Мұнан соң, топ жетекшісі Айгүл Соловьева, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жасыл экономика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар комитетінің мүшесі Мұрат Абенов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Қызылорда облыстық Департаменті басшысының орынбасары Бақытжан Жандарбеков Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясына қатысып, журналистерге сапар мақсаты туралы баяндады.
"Топтың құрамында қоғамның көшбасшылары, жасырмай ой-пікірлерін айта алатын, елдің алдында жүрген, қоғаммен тізе бүгіп жұмыс жасай алатын, халықтың сеніміне ие болған азаматтарымыз бар, олар барлық салаларға өздерінің бақылауын жүргізіп, ұсыныстарын жеткізе алады. Біз ашық қызмет жасаймыз. Өткен жылдармен салыстырғанда елімізде сыбайлас жемқорлық 18 пайызға азайған. Бұл да атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі. Сондықтан, бәріңізді қоғамның дертімен белсенді күресуге шақырамыз", - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин.
  Мониторингтік топтың сапары ертең Байқоңыр қаласы мен Сырдария аудандарында жалғасады.


23 сәуір 2018 ж. 631 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области