Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ: ҚАЗАҚСТАНДА САУДА ОРТАЛЫҚТАРЫН ТЕКСЕРУ ЖИІЛЕУІ МҮМКІН

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ: ҚАЗАҚСТАНДА САУДА ОРТАЛЫҚТАРЫН ТЕКСЕРУ ЖИІЛЕУІ МҮМКІН

Ішкі істер министрлігі «Атамекен» ҰКП-мен бірлесе сауда орталықтары мен базарларда өрт қауіпсіздігі тексерулері бойынша кейбір бекітілген мерзімдердің күшін жоюды ұсынып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл негізінен шағын және орта бизнеске қатысты. Осы орайда оларға тиесілі нысандарды ашылғаннан кейін қазіргі талапқа сай үш жылдан соң емес, іске қосылған кезде және жыл сайын тексеру ұсынылуда.
  Сонымен қатар қайта құрылуы мен меншіктік формасының өзгеруіне қарамастан, жыл сайын сауда орталықтары мен базарларды тексеру қарастырылуда.
«Қазіргі кезде «Атамекенмен» және меморганмен жол картасын келісу жұмыстарын атқарудамыз. Бұл тұрғыда заңнамаға өзгерістер енгізу қажет болып тұр», - деді Юрий Ильин Астанада өткен баспасөз мәслихатында.
  Оның сөзіне қарағанда, былтыр 333 сауда объектісі тексерілді. Оның ішінде аудит бойынша 95-і оңтайлы қорытынды алған. 91 объекті шағын кәсіпкерлікке жатады, сондай-ақ олардың тіркелуі мерзіміне үш жыл толмаған. Ал 147 объект қайта құрылуына (меншік иесінің ауысуы немесе күрделі жөндеуге жабылуы) байланысты тексерілмеген.
  Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл азаматтық қорғау органдары биылғы 2 сәуірден бастап адамдар жаппай баратын сауда нысандарының өртке қарсы қорғануына тексеру жүргізді. 2018 жылдың 20 сәуірдегі мәліметі бойынша, жалпы 972 тексеріс тағайындалып, оның ішінде 851-і аяқталды. Тексерумен қамтылған нысандарда 10 мыңнан астам ереже бұзу жағдайлары анықталды.

24 сәуір 2018 ж. 657 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области