Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА ЖАТ АҒЫМДАРДЫҢ ҚАУІПТІЛІГІ ТҮСІНДІРІЛДІ

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА ЖАТ АҒЫМДАРДЫҢ ҚАУІПТІЛІГІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, деструктивтік діни ағымдардың алдын алу мақсатында Қызылорда қаласына қарасты елді-мекен тұрғындарымен ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізілуде. Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Махамбетов ауылындағы мәдениет үйінде елді-мекен тұрғындарымен кездесу өтті. Жұртшылықпен жүздескен орталық директорының орынбасары Аралбек Боранбаев, Ақпараттық түсіндірме тобының мүшелері Жеңісбек Дәрібаев, Назира Аймаханова, Сәкен және «Айтбай» мешітінің бас имамы Нұржан Керімбеков дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды баяндап, жат ағымның қоғамға қауіптілігін көпшілікке түсіндірді. Мұнан соң кездесу ауыл әкімдігінде де жалғасты. Шаруашылық ұжымдары, ауылдық қоғамдық кеңес мүшелері, ардагерлер шара қонақтарымен бірге ауыл тұрғындарын, оның ішінде жастары деструктивтік діни ағымдардың теріс идеологияларынан сақтау жолдарын бірге қарастырып, мамандар кеңесіне жүгінді. Ақпараттық топ бұдан әрі шараны ауылдағы мешіт пен мектепте жалғастырып, жастар мен жасөспірімдерге жат ағымның зиянды ықпалын түсіндіріп, теріс идеологияларынан сақтануға шақырды.                                    
25 сәуір 2018 ж. 744 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области