Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МҰНАЙШЫЛАРҒА ДЕСТРУКТИВТІК ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ҚАУІПТІЛІГІ ТҮСІНДІРІЛДІ

МҰНАЙШЫЛАРҒА ДЕСТРУКТИВТІК ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ҚАУІПТІЛІГІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Жат ағымдардың жарға жығатындығын барлығы білу тиіс. Ол үшін көпшіліктің деструктивтік діни ағымдарға қарсы иммунитетін ақпараттық-насихат жұмыстар арқылы қалыптастыру қажет. Бүгінде Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығы мамандары көпшілік ортада тұрғындармен, оқу орындарында студент жастармен кездесулер өткізіп, үгіт-насихат жұмыстарының қатарын арттырып келеді. Орталықтың келелі кездесулерінің легі Ақшабұлақ кенішінде жалғасты. «ҚазГерМұнай» БК ЖШС-нің мұнайшылармен жүздескен Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог-маманы Бақтияр Оспанов, Ақпараттық түсіндірме тобының мүшесі Сәкен Алдашбаев және «Мүсірәлі ата» мешітінің наиб имамы Боранбай Байболов жұмысшыларға дәстүрлі емес діни ағымдардан келер қауіп жайлы әңгімеледі.
Жиында Дін мәселерін зерттеу ортылығының теолог-маманы Бақтияр Оспанов жиналғандарға ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын кеңінен түсіндіріп берді. Ақпараттық түсіндірме тобының мүшесі Сәкен Алдашбаев «Дін және ұлттық құндылықтардың зайырлы мемлекет қағидаттары мен үндестігі» тақырыбында баяндама жасаса, «Мүсірәлі ата» мешітінің наиб имамы Боранбай Байболов «Рухани жетілуде салт-дәстүр мен діннің рөлі» жайында әңгімеледі. Жиын соңында кеніштегі мұнайшылар дін тақырыбы аясында өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, мамандармен кеңінен сұқбаттасты.
03 сәуір 2018 ж. 685 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области