ЖАСТАРДЫ ЖАТ АҒЫМНАН АУЛАҚ БОЛУҒА ШАҚЫРДЫ
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының абонементтік қамтамасыз ету секторы «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Шара мақсаты жастардың діни сауаттылықтарын арттыру, жат ағымдардан сақ болуға және отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Шараға Қызылорда облысы әкімі жанындағы діни терроризмнің және экстремизмнің алдын алу тобының мүшесі, «Сыр дидары» газетінің бас редакторы Сәкен Алдашбаев, Төлен-ата мешітінің имамы Бақытбек Омаров, С.Ысқақов атындағы «Құрылыс және бизнес» колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Рая Қаражанова, «Болашақ» колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Жәнібек Қонысов қатысты.
Дөңгелек үстелде дәстүрлі емес діни ағымдардың сипаттары, экстремизм, терроризм туралы айтылды. Жат діни ағымдар адам санасын улайтыны және оның шырмауына түспеу жолдары түсіндірілді. Жастарды қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға шақырды. Шараға әлеуметтік бейімдеу орталығының тәрбиеленушілері, «Болашақ» және «Өркениет» колледжінің студенттері қатысты.
Шара соңында кітап көрмесі ұйымдастырылды.