«БЕЛСЕНДІ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ - СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Шарада ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы А.Сәлімжан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақcатында халық арасында пара алу мен пара беру, делдал болудың зардабы мен оның жауапкершілігі туралы түсіндіріп, тақырыптық бейнероликтер көрсетті. Сонымен қатар, қоғамдық бақылау картасы жобасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ұлттық баяндама туралы баяндалып өтті. Акцияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы театрландырылған қойылымдар қойылып, флешмобтар ұйымдастырылды.
Іс-шара қорытындысында сыбайлас жемқорлықты алдын алуға өз үлестерін қосқан мемлекеттік органдар арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталып, акция концерттік бағдарламаға ұласты.
Акция барысында 1 300-ден астам сыбайлас жемқорлыққа қарсы флаерлер таратылды. 




