Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕЛІМІЗДЕ МҰҒАЛІМДЕРДІ АТТЕСТАЦИЯЛАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ӨЗГЕРЕДІ

ЕЛІМІЗДЕ МҰҒАЛІМДЕРДІ АТТЕСТАЦИЯЛАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ӨЗГЕРЕДІ

Орталық Коммуникациялар алаңында айтылғандай, мұғалімдерді аттестациялау ережелері өзгереді.
  Жаңа талап бойынша біліктілікті тексеру екі кезең бойынша жүргізіледі. Соңғы кезеңде педагог қызметіне сараптама жасалады. Тапсырмаларды орындауға 200 минут бөлініп отыр. Ал математика, физика, химия мен информатика мұғалімдері үшін қосымша жарты сағат тағы беріледі. Қажет болса аппеляцияға жүгінуге болады. Категория артқан сайын айлықтың 30-50 пайызына тең үстемақы беріледі. Тестілеу нәтижесі бір жылға жарамды. Ұлттық біліктілік сынағы 26 мамыр мен 5 маусым, сондай-ақ 1-10 қараша аралығында өтеді. Өтініш білдіргендер саны 60 мыңнан асады.
Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары:
- Ол өз еркімен өтеді. Мұғалімдер кімде-кім осы үстеме ақы алғысы келсе, 30-50 пайызға дейін біздің азаматтар өтініштерін беріп, үстеме ақы алу үшін ұлттық біліктілік тестінен өтеді. Қазіргі жаңа жүйе бойынша енгізіліп отырған категорияларға сәйкес, бұл көрсеткіш бірнеше рет көбейді деп айта аламыз. Өйткені бұл қазіргідей, 5 мың, 8 мың, 17 мың емес, жалақының 30, 35, 40 және 50 пайызы.
28 сәуір 2018 ж. 1 003 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области