КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ «БІР ӨТІНІШ» ҚАҒИДАТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Осы уақытқа дейін азамат заңды тұлғаны тіркегеннен кейін банктік шот ашып, ҚҚС бойынша есепке қою үшін салық органына, содан соң сақтандыру компаниясына баруы тиіс еді. Ал осы бірнеше қызметті біріктірген композиттік қызмет Қазақстанда бизнес ашу үрдісін айтарлықтай жеңілдетеді. Енді екі күннің ішінде (өтініш берген күнді есептемегенде) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуге алынғаны туралы куәлікті, банктік шот нөмірін және қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтау туралы қол қойылған келісім-шартты алуға болады.
Заңды тұлғаны электрондық тәсілмен тіркеу кезінде әзірше 4 коммерциялық банктен шот ашып, 3 сақтандыру компаниясымен шарт жасасуға болады. Жуырда бұл тізім тағы 9 банк және 4 сақтандыру компаниясымен толығады.
Айта кету керек, бұл композиттік қызметті қолдану үшін құрылтайшылардың электрондық-цифрлық қолтаңбасы болып, порталда тіркеуден өтуі тиіс.
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметі
тел.: 8 7172 647 920
e-mail: pressa_nao@goscorp.kz