Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕНДІ УАҚЫТША ТІРКЕУДІ SMS АРҚЫЛЫ ҰЗАРТУҒА БОЛАДЫ

ЕНДІ УАҚЫТША ТІРКЕУДІ SMS АРҚЫЛЫ ҰЗАРТУҒА БОЛАДЫ


    Қазақстанда уақытша тіркеуді SMS арқылы ұзарту қызметі іске қосылады. Бұл туралы  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басшысы Абылайхан Оспанов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz.
    Оның айтуынша, азаматқа уақытша тіркеудің аяқталуына бір күн қалғанда тіркеуді ұзарту туралы SMS-хабарлама жіберіледі.
    «Азамат өз келісімін берсе, уақытша тіркеу ұзартылады. Бұдан бөлек, дәл сондай хабарлама үйдің иесіне де жіберіледі. Ол да уақытша тіркеуді ұзартуға өз келісімін беруі керек. Ақпараттық базада үй иесінің меншік құқығы расталғаннан кейін уақытша тіркеу автоматты түрде ұзартылады», – деп жазды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басшысы.
    Жаңа қызметті пайдалану үшін уақытша тіркеуді ұзартатын адам да, үйдің иесі де мобильді азаматтар базасында тіркелуі тиіс. Ал жеке сәйкестендіру нөмірін (ИИН) мобильді телефонмен байланыстыруды Egov порталының жеке кабинетінде не болмаса кез келген Халыққа қызмет көрсету орталығында жасап алуға болады.
    Жаңа қызметті енгізу туралы шешім ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында қабылданды.

31 қаңтар 2018 ж. 647 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области