Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КЕҢ ТАРАЛҒАН 10 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ

КЕҢ ТАРАЛҒАН 10 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ


    Қазіргі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-офистері мен бэк-офистері арқылы барлық мемлекеттік қызметтердің 83% көрсетіледі. Олардың қайсысы жоғары сұранысқа ие?
    Бірінші орында мекенжай анықтамасын беру қызметі (2017 жылғы 10 ай ішінде 14 534 750 анықтама берілді). Негізінен, мұндай анықтамаларды жұмысқа орналасу және оқу орындарына ұсыну үшін алады.
    Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін беру және қайтару бойынша 4 009 557 қызмет көрсетілді (электрондық-цифрлық қолтаңба).
    Үшінші орында жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру қызметі тұр. 10 ай ішінде 2 528 944 қызмет көрсетілген.
    Жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама да жиі сұратылады. Мемлекеттік корпорацияның фронт-офистері арқылы мұндай анықтама 2 422 347 азаматқа берілді.
    Осы он ай ішінде мемлекеттік корпорация 1 714 465 рет бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру қызметін көрсетті.
    Жыл басынан бері сотталғандығы болуы не болмауы туралы 1 309 485 анықтама берілді. Бұл анықтама азаматтарға жұмысқа орналасу үшін керек.
    Биыл 10 ай ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары  1 302 778төлқұжат пен жеке куәлік алды. Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу - 1 218 658.
    Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу қызметіне қазақстандықтар 1 113 348 рет жүгінген.
    Биыл 10 ай ішінде азаматтарға 314 155жүргізуші куәлігі берілген.
    Осылайша, ең кең тараған қызмет түрі – түрлі анықтамаларды беру. 2016 жылы 37 млн. астам мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның 24 млн. электрондық анықтамалар. Сондықтан мемлекеттік корпорация бірқатар мемлекеттік органдармен бірге «Азаматтарға арналған үкіметтің» фронт-офисіне келушілердің санын шегеруге мүмкіндік беретін  Paperfree жобасын іске қоспақ.
    Мемлекеттік органдар мен жеке ұйымдарға анықтама беру сервисін жүзеге асыру бұл қызмет түрін көрсетуді 21,5 млн қысқартар еді. Азаматтар SMS-хабарлама арқылы рұқсатын растап, үшінші тұлғалардың сұратуы бойынша жеке мәліметтерін бере алады. Мысалы, сервис енгізілгеннен кейін, оқу орны электрондық портал арқылы қажетті құжатты сұратады, ал қызмет алушы (бұл жағдайда ата-ана) SMS-хабарлама арқылы бір рет электрондық анықтама балуға өзінің рұқсатын береді. Осылайша, жаңа оқу жылы қарсаңында анықтама алу үшін 3 млн оқушының ата-анасы ХҚКО-ға бармайды.  


06 желтоқсан 2017 ж. 702 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области