АУЫЗ СУ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖАҢҒЫРТЫЛЫП ЖАТЫР
2016-2017 жылдары облыс бойынша "Нұрлы жол", "Өңірлерді дамыту" бағдарламалары мен сумен қамту және суды бұру жүйелерін жаңғыртудың 53 жобасына 13 182,2 млн. теңге қаржы бөлінді. Оның 12 281,1 млн. теңгесі республикалық бюджеттен болса, облыстық бюджеттен 901,1 млн. теңге қаралды. Бұл туралы Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының 9 айлық есебінде айтылады.
Қазір осы қаржының 7 371,4 млн. теңгесі игерілген.
Оның ішінде: «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша өткен жылы 5 жобаның (Қармақшы ауданы - 2, Арал ауданы - 1, Қазалы ауданы - 1, Қызылорда қаласы – 1) құрылыс жұмыстарына 5 723,8 млн. теңге бөлініп, оның 4044,2 млн. теңгесі игерілді. Жобалардағы 385,6 шақырым желінің 302 шақырымы жаңартылды.
Қалған 3 жобаның құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда, жыл соңына дейін аяқталады.
Ал осы жылы басталған 36 жоба бойынша да (5787 млн теңге) құрылыс-монтаж жұмыстары жасалуда. Жыл соңына дейін аяқталады.