«НҰРЛЫ ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 47 ҮЙ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы 9 айлық жұмысын қорытындылады. Басқарма мамандарының мәліметінше биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында облыста 47 көпқабатты тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Олар негізінен «Бәйтерек Девелопмент» АҚ мен «Самұрық Қазына» АҚ желісі арқылы салынуда.
Сондай-ақ, ҚР Ұлттық қордан Қызылорда қаласы Жаппасбай батыр көшесіндегі №2 кварталындағы 160 және 50 пәтерлі екі жалдамалы үй құрылысына 1 562,5 млн.теңге бөлінді.
Қазіргі күні, аталған тұрғын үйлердің құрылысына мердігерлермен келісім-шарттар жасалып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.