Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ШАҒЫН АУДАНДАР – ШАҺАР ШЫРАЙЫ

ШАҒЫН АУДАНДАР – ШАҺАР ШЫРАЙЫ


    Соңғы 4 жылда Қызылордада 12 шағын аудан бой көтерді.
    Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев облысымызға сапары барысында аймағымызда атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берген болатын. Аймақ құрылысшыларымен кездескен Елбасы құрылысты әртүрлі сәулет тәсілдерін пайдаланып, сапалы әрі көрікті етіп салу керектігін де тілге тиек етті. Мемлекет басшысы Астана секілді сол жағалауға жаңа қала салып жатқан құрылысшыларға алғыс айтып, табысты болыңдар деген лебізін де білдірді. Осындай жылы жүздесуден кейін аймақтағы құрылыс жұмыстарының екпініне екпін қосылды деуге болады.
    Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының мәліметіне сүйенсек, жыл соңына дейін барлығы 27 әлеуметтік нысанды пайдалануға беру жоспарлануда. Сондай-ақ, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2017 жылы облыс бойынша 151,5 мың шаршы метрді құрайтын 1983 пәтерлі 47 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
    «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 3 мектеп бой көтеруде. Үстіміздегі жылдың тамыз айында Жаңақорған ауданының Төменарық және Нәлібаев ауылдарында 300 орындық мектептер ел игілігіне берілді. Мұнымен қоса республикалық бюджет қаржысы есебінен облыста Жаңақорған, Арал, Қазалы аудандарында 300 орындық 4 мектептің құрылысы басталды. Өткен жылы облыста апаттық жағдайдағы 12 мектептің құрылысы басталған болатын. Нысандарды биылғы жылы толығымен пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ағымдағы жылдың маусым айында Қармақшы ауданында «Айгөлек» және «Ертөстік» сынды екі бірдей балабақша игілікке берілді. Бұдан бөлек облыста 7 балабақша салынуда.
    Бүгінгі таңда «Бәйтерек Девелопмент» АҚ желісі арқылы 300 пәтерлі 5 тұрғын үй «СПМК-70» шағын ауданында пайдалануға берілді. Жаппасбай батыр көшесі бойынан және Титов ауданында салынған 680 пәтерлі 14 тұрғын үй игілікке берілді. Ал, «Самұрық Қазына» АҚ желісі арқылы бой көтеріп жатқан 400 пәтерлі 5 тұрғын үйді ағымдағы жылы пайдалануға беру жоспарлануда. Бұған қоса әлеуметтің әлсіз топтарына арналған сатып алу құқығынсыз жалдамалы 12 тұрғын үй құрылысы жүргізіліп, осы жылдың аяғына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. Құрылыс мекемелері есебінен 383 пәтерлі коммерциялық 11 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді. Бұл үйлерді де жыл соңына дейін ел игілігіне беру көзделген.
    Сыр өңірінде спорт саласы да жақсы дамып келеді. Спортшылардың жеткен жетістігінің өзі бір төбе. Халық та саламатты өмір салтына ден қойған. Сәйкесінше спорт нысандары да бой көтеруде. Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Жаңақорған, Шиелі аудандарында барлығы 7 спорт кешені салынуда. Бұларды келер жылы пайдаланылуға беру жоспарланған. Мәдениет саласы бойынша да 3 нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде, Қазалыдағы 150 орындық клубты биылғы жылы пайдалануға беру жоспарланса, Жалағаш пен Шиелі аудандарындағы мәдениет ошақтарының құрылысы келер жылы аяқталады деп күтілуде.
    Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік саласы бойынша 4 нысан бой көтеруде. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2014 жылы 264 пәтер берілсе, 2015 жылы 2652 отбасы баспаналы болған. Сондай-ақ, 2015 жылы көпқабатты 53 үй тапсырылса, өткен жылы 80 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді. Соңғы 4 жылда 12 шағын аудан бой көтерген.
    Өткен жылы Қызылордада бір мезетте 4115 пәтерден тұратын көпқабатты үйлер салынды. Жыл басынан бері Қызылорда қаласында барлығы 230 мың шаршы метр болатын 2971 пәтерлік 61 көпқабатты тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Сонымен бірге, халық қаражаты есебінен жалпы ауданы 180 мың шаршы метрді құрайтын 1280 жеке тұрғын үй құрылысы салынды.
    Жаңарған өлкенің жаңғырған көрінісін бір мақалаға сыйдыру мүмкін емес. Тіпті, Сырдарияның сол жағалауындағы құрылыс жұмыстарын айтпадық дегеннің өзінде, қосылмаған, қамтылмаған қаншама дүние қалды. Дегенмен, аймақта атқарылып жатқан жұмыстарды көзі қарақты оқырман білсін, облыс жұрты көрсін деген ниетпен серпінді құрылыс екпініне арнайы тоқталдық.
    Азиз БАТЫРБЕКОВ, «СБ».

17 қазан 2017 ж. 1 010 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области